Алматы Мемлекеттік консерваториясы мен Мәскеудегі П.Чайковский атындағы консерваторияда білім алған дарын иесі қазақ кәсіби музыкасы мен академиялық вокал саласын жаңа биікке көтеруге өлшеусіз үлес қосты.
Қазақтың музыкант педагогтары арасында тұңғыш рет профессор атанған ол талай шәкірт тәрбиеледі.
«Бекен Жылысбаев - Қазақстандағы классикалық вокал өнерінің іргетасын қалаушы. Студенттерге берген дәрістерінің әдіс-тәсілдері де ерекше болатын», дейді шәкірті Ұлан Кенжебеков.
Бекен Жылысбаев - халық әндері мен орыс, шетел композиторларының туындыларын биік деңгеде шебер орындаған әнші.
Өнер иесінің көзі тірісінде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасына берген сұхбатын таңғы бағдарламадан тамашалай аласыздар.