Бүгін – Мұстафа Шоқайдың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Мұстафа Шоқайдың туған күні

25.12.2015
Бүгін – Мұстафа Шоқайдың туған күні

Бүгін - Алаш ардақтысы Мұстафа Шоқайдың туған күні. Мұстафа Шоқай тіл мен ділді, ұлт пен дәстүрді социализм жүйесі жоққа шығаратынын күні бұрын білді. Ұраншыл коммунизмнің «ұр да, жық» ұстанымын мойындамады.   

Түркияда жүргенде Кеңес үкіметі бірнеше қызмет ұсынып, елге шақырған. Бірақ, ешқайсысына келісім бермеді. Керісінше өзі Берлин мен Париждің арасында жүріп, «Яш Түркістан» журналын шығарды. Басылым саяси-әлеуметтік тақырыптарға арналды.

Петербург университетінде оқып жүріп саясатқа араласқан Алаш ардақтысының әрбір сәті тынымсыз еңбекпен өтті. 24 жасында Мұсылман фракциясының хатшысы атанды.

«Мұстафа  өзіне Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов сынды қазақ зиялыларын ұстаз тұтты. Қайда жүрсе де, елінің мүддесін ұмытқан жоқ. Біз оны сонысымен-ақ қадірлеуге тиіспіз», дейді жазушы, тарихшы Бейбіт Қойшыбаев.  

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу