«Шетте жүрген қандастар Тәуелсіздіктің қадірін жақсы біледі. Егемендік алды дегенді естігенде бөркімізді аспанға атып, ерекше қуандық. 1994 жылдары елге келдім. Алматыдағы Абай атындағы опера-балет театрында 20 жыл қызмет еттім. Әлемдік театрларда да қазақтың қызы деген атпен танылдым. Өнердегі 21-ші жылымды «Астана Опера» театрында бастап жатырмын»,-дейді Майра Мұхамедқызы.
«Мен ұлтжанды азаматтардың қатарындамын. Сол себепті, репертуарымда көптеген қазақтың халық әндері бар. Сондай-ақ, қазіргі заман композиторларының да туындылары жетерлік. Олардың бірі – Тәуелсіздікке арналған «Көк тудың желбірегені» әні. Алмас Ахметбекұлының сөзіне жазылған Ермұрат Зейіпханұлының әні».
Әншінің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнін «Таңшолпаннан» көре аласыздар.