Бүгін «Астана Опера» театрында «Турандот» операсының тұсауы кесіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Астана Опера» театрында «Турандот» операсының тұсауы кесіледі

22.06.2018

Аталған  туындыны «Астана Опера» мен Қытай ұлттық опера театры сахналайды. Жоба елорданың 20 жылдығына орай ұйымдастырылуда.  Операның премьерасына сондай-ақ, австриялық әйгілі сопрано Мартина Серафин мен танымал болгар теноры Камен Чанев қатысады. Операның  дирижері  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Алан Бөрібаев болса, басты партиялардың бірін Майра Мұхамедқызы орындайды.

Майра Мұхамедқызы,  ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

- Мен айтайын деп тұрган «Лию» деген партия сондай нәзік. Өзі қызметші болса да музыкасында пиано көп. Орындау өте қиын.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу