Майра Мұхамедқызы халықаралық «BraVo» сыйлын жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майра Мұхамедқызы халықаралық «BraVo» сыйлын жеңіп алды

05.04.2021

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы классикалық өнер саласындағы «BraVo» сыйлығының иегері атанды. Шымкенттегі опера және балет театрының басшысы 15 номинация ішінен «Үздік опера әншісі» жүлдесін жеңіп алды. Марапат Мәскеудегі әйгілі Үлкен театрдың сахнасында табысталды. Былтыр пандемияға байланысты салтанатты шара кейінге қалған. Сондықтан сыйлық екі жылда айтарлықтай жетістікке жеткен өнер иелеріне берілді. 

«BraVo» сыйлығы 2017 жылдан бері табысталады. Басты ерекшелігі – классикалық музыка саласындағы номинанттардың орындаушылық шеберлігін көрермендер бағалайды. 

Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі:
Отыз жыл санхнада жүрген мен үшін бұл үлкен мәртебе. Шымкент опера және балет театрын әлемдік деңгейге көтеруге міндетті түрде атсалысамыз.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу