Мемлекет басшысы Майра Мұхамедқызын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Майра Мұхамедқызын қабылдады

30.06.2023

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызын қабылдады. Кездесуде еліміздегі опера өнері мен мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды. Майра Мұхамедқызы Президентке өңірдегі опера және театр өнерін дамыту жұмыстары, жас әншілерді, театр және балет әртістерін оқыту ісі жөнінде айтты. Мемлекет басшысы жас таланттарды дайындау, театр репертуарын шетелдік және ұлттық қойылымдармен жаңарту маңызды екенін атап өтті. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу