Астанада «ЭКСПО-2017 – жаңа туристік мүмкіндіктер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «ЭКСПО-2017 – жаңа туристік мүмкіндіктер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

15.12.2015
Астанада «ЭКСПО-2017 – жаңа туристік мүмкіндіктер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

ЭКСПО – бұл тек энергетика мәселелері бойынша ұсыныстар беру мен талқылау алаңы ғана емес, сонымен қатар, елімізге кең көлемде туристер тартудың мүмкіндігі. Туристік индустрияның осы және өзге де мәселелері аталған конференция барысында талқыға түсті, деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.   

Сондай-ақ баспасөз мәліметтерінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің туризмнің локомотиві екендігі айтылды. «Осының алдындағы әлемдік көрмелердің тәжірибелерінен мәлім болғанындай, ЭКСПО-ны ұйымдастыру өзінің жемісін беріп отыр және ол қонақ үй, мейрамханалар мен демалыс және ойын-сауық орындары ретінде өзінің тиімділігін көрсетті»,-деді Р.Жошыбаев.   

Инвестициялар және даму вице-министрі Р.Ошақбаев өңірлердің маңыздылығын айтты: «Астана мен оған жақын аймақтарда шағын және орта бизнес дамиды, бірінші кезекте тұрғындарға қызмет көрсету мен мейманханалық бизнес пен ішкі туризм жетіледі»-деді министрдің орынбасары.

Конференция барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамы мен Туризм индустриясы одағы мен туристік операторлар және мейманхана иелері арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.       

 

  

Хабарламаларға жазылу