Гүлшара Әбдіқалықова: 2016 жылдың 1 қаңтарынан «Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлшара Әбдіқалықова: 2016 жылдың 1 қаңтарынан «Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

14.12.2015
Гүлшара Әбдіқалықова: 2016 жылдың 1 қаңтарынан «Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

2016 жылдың 1 қаңтарынан «Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы бүгін Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның  отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова айтты.

Мемлекеттік хатшы сөзінде ұлттық экономиканың жетекші салаларын екпінді дамыту үшін озық білім мен тәжірибені белсенді түрде трансферттеу процесіндегі ерекше рөлді атап өтті. Комиссияның шешімімен магистратурада және докторантурада оқуға әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамаға жіберілетін 375 үміткерге стипендия тағайындалды.

Сонымен қатар, комиссияның жұмысы аясында 2016 жылға басым мамандықтар тізбесі бекітілді. Мамандықтардың жаңа тізімі мемлекеттік органдардың тапсырыстары бойынша ғана жасақталды және екі есеге дейін қысқартылды. Тізбеде барлығы 161 мамандық ұсынылған. 

Хабарламаларға жазылу