Бенедикт Камбербэтч сиқыршы Джаспер Маскелайннің рөлін сомдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бенедикт Камбербэтч сиқыршы Джаспер Маскелайннің рөлін сомдайды

12.12.2015
Бенедикт Камбербэтч сиқыршы Джаспер Маскелайннің рөлін сомдайды

Британдық актер Бенедикт Камбербэтч «The War Magician» фильмінде сиқыршы Джаспер Маскелайннің рөлін сомдайды. Дэвид Фишердің романының желісі бойынша түсірілетін картинада атақты британдық сиқыршы Джаспер Маскелайннің өмірі мен ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қызметі баяндалады.

Джаспер Маскелайн - әлемге танымал талантты сиқыршылардың бірі. ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде ол корольдік инженерлік әскер қатарына өтіп, түрлі әскери киімдер технологиясымен айналысқан. Сондай-ақ, ол із-түссіз жоғалып кеткендерді табу және тұтқынға түсіп қалған сарбаздары босатумен айналысатын арнайы әскер жасағының құрамында да болған.

Фильмді «Studio Canal» студиясы қаржыландырмақ. Алайда, туындының түсірілім кестесі әлі бекітілмеген.

Хабарламаларға жазылу