Актер Бенедикт Камбербэтчтің мүсіні шоколадтан жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Актер Бенедикт Камбербэтчтің мүсіні шоколадтан жасалды

04.04.2015
Актер Бенедикт Камбербэтчтің мүсіні шоколадтан жасалды

UKTV телеарнасы жүргізген сауалнамаға сәйкес, Британиядағы ең «тәтті» телехикая жұлдызы анықталды. 2000 әйел қатысқан сауалнамада атақты Шерлок Холмсты сомдағын британ актері Бенедикт Камбербэтч 12 пайыз дауыспен топ бастап тұр. Осы жетістігі үшін актерге өзінің бельгиялық шоколадтан жасалған мүсіні сыйға тартылған.

Айта кетейік, шоколадты дайындауға 250 сағат кеткен. Сондай-ақ, 500 шоколад плиткасы жұмсалған. «Шокобетч» атанғын мүсіннің салмағы – 40 келі, бойы - 180 сантиметр.

Хабарламаларға жазылу