Күрделі жұмбақты шешетін жалғыз адам бар... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күрделі жұмбақты шешетін жалғыз адам бар...

28.02.2015
Күрделі жұмбақты шешетін жалғыз адам бар...

«Шерлок» -  «Hartswood Films» компаниясы түсірген британдық телесериал. Фильмнің сюжеті Артур Конан Дойлдың детектив Шерлок Холмс туралы шығармаларының негізінде өрбиді. Бірақ, оқиға осы заманға сәйкестендірілген.

Фильдегі басты кейіпкер Ауған соғысына қатысып, мүгедек болып қалды. Туған жеріне оралған соң жұмбақ, бірақ ерекше данышпан адаммен кездеседі. Ол өзімен бірге тұратын адам іздеуде.

Лондон, 2010 жыл. Түсініксіз кісі өлімдері. Скотланд-Ярд не істерге білмей дал. Мұндай тұңғиыққа жарық түсіріп, күрделі жұмбақтардың бәрін шешіп беруге шамасы жететін бір-ақ адам бар...

Бенедикт Камбербэтч, Мартин Фриман, Уна Стаббс сынды актерлер ойнаған «Шерлок» детективін бүгін Ұлттық арнадан сағат 00.30-да көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу