Жаңазеландиялық ергежейлілерді «Хоббиттің» премьерасына шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңазеландиялық ергежейлілерді «Хоббиттің» премьерасына шақырады

03.11.2014
Жаңазеландиялық ергежейлілерді «Хоббиттің» премьерасына шақырады

17 желтоқсанда «Хоббиттің» 3-ші бөлімі прокатқа шығады. Ал, 1 желтоқсанда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында картинаның премьерасы ұйымдастырылмақ. Ұйымдастырушылар премьераға жаңазеландиялық ергежейлілерді шақырмақ.

Айта кетейік, фильмде басты рөлдерді Люк Эванс, Бенедикт Камбербэтч, Ли Пейс, Эванджелин Лилли, Ричард Армитэдж, Грэм МакТавиш, Кейт Бланшетт, Орландо Блум, Ману Беннетт сомдайды.

Boxoffice-тің хабарлауынша, туынды премьерасынан түсетін  кассалық жиын Солтүстік Америкада 70 миллиион АҚШ долларын құрайды деп болжануда. 

Хабарламаларға жазылу