Н.Назарбаев: Қазақстан алғаш рет әлемдік экспортшылардың ТОП-50 қатарына кіріп, 43-орынды иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: Қазақстан алғаш рет әлемдік экспортшылардың ТОП-50 қатарына кіріп, 43-орынды иеленді

11.12.2015
Н.Назарбаев: Қазақстан алғаш рет әлемдік экспортшылардың ТОП-50 қатарына кіріп, 43-орынды иеленді

Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпірді қорытындылаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Ең алдымен жаңа индустриалды жобаларды құрушылардың барлығын олардың еңбек жеңістерімен тағы бір мәрте құттықтап, оларға табыс, зор денсаулық тілегім келеді. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы бүгінде тарихқа айналды. Бірақ, екінші 5 жылдық жоспардың алғашқы жылдарының нәтижесі бұл бағыттағы елімізде барынша ауқымды жұмыстар жүргізілгендігі жайында айтуға мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті осы жылдар ішінде елімізде зор жұмыстар атқарылып, еліміздің экономикасы айтарлықтай ілгерілегендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Ағымдағы жылы Қазақстан алғаш рет әлемдік экспортшылардың ТОП-50 қатарына кіріп, 43-орынды иеленді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық экспорт көлемі Орталық Азиядағы барлық өңірдің жиынтық экспортынан 30 пайызға артық болды. Негізінен олар - орта кәсіпорындар»,- деді Мемлекет басшысы.

Елбасының атап өтуінше, Қазақстан экспортының төрттен бірін дайын және өңделген өнімді құрайды. «Бұл - ендігі уақытта Дүниежүзілік сауда ұйымының толықанды мүшесі ретінде Қазақстанның табысты ілгерілеуі үшін маңызды көрсеткіш», - деді Н.Назарбаев.

Хабарламаларға жазылу