Зарина Диас алғаш рет ТОП-70 қатарына енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас алғаш рет ТОП-70 қатарына енді

09.06.2014
Зарина Диас алғаш рет ТОП-70 қатарына енді
Әйелдер теннисінің қауымдастығы (WTA) кезекті рет рейтингісін жаңартты. Бұл жолы 20 жастағы қазақстандық теннисші Зарина Диас 86-шы орыннан 70-ші орынға көтерілді.
 
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада қазақстандық теннисші Ноттингемде аяқталған ITF сериясындағы турнирдің финалына жеткен еді. Ол ақтық ойында чех қызы Кристина Плисковадан жеңілді.
 
Бұған дейін, Зарина Диастың ең үздік нәтижесі 85 орын болды. Ол бұл сатыға 21 сәуірде жаңартылған рейтингтен кейін орналасқан еді.
 
Ал Ярослава Шведова еліміздің бірінші ракеткасы атанды. Ол 69-шы орыннан 68-ші орынға көтерілді. Жарақатына байланысты турнирге қатыспаған Галина Воскобоева 68-ші орыннан 87-ші орынға сырғыды.
 
Үздік ондықта бірқатар өзгерістер тіркелді:
1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 9660 ұпай,
2 (2). Ли На (Қытай) - 7450,
3 (4). Симона Халеп (Румыния) - 6435,
4 (3). Агнешка Радванска (Польша) - 5990,
5 (8). Мария Шарапова (Ресей) - 4741,
6 (6). Петра Квитова (Чехия) - 4570,
7 (7). Елена Янкович (Сербия) - 3995,
8 (5). Виктория Азаренко (Беларусь) - 3841,
9 (9). Ангелика Кербер (Германия) - 3830,
10 (10). Доминика Цибулкова (Словакия) - 3735.
 

Хабарламаларға жазылу