Қазақстандық спортшылар параволейболдан Әлем чемпионатында 9-орынды иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық спортшылар параволейболдан Әлем чемпионатында 9-орынды иеленді

23.07.2018

Қазақстандық спортшылар параволейболдан Нидерландыда өткен Әлем чемпионатында топ жарып, 9-орынды иеленді. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында отырып ойнайтын волейболдан байрақты бәсеке елдің Гаага, Амстердам, Эйндховен қалаларында ұйымдастырылды. Қазақстан құрамасы алғашқы екі ойында Бразилия мен Украинадан ұтылды. Дегенмен, Хорватия, Голландия мен Германия командаларын шаң қаптырды. Осылайша, еліміздің ұлттық құрамасы әлемдегі ең үздік 9 команданың қатарына кірді. Қазақстанның Нидерланды Королдігіндегі елшілігінің ұжымы жерлестерімізге чемпионатта барынша қолдау көрсетіп, қуаныштарын бөлісті.  

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу