«Эйр Астана» әуе компаниясы бәсекелестік ортаға беруге ұсынылған кәсіпорындардың тізімінде жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Эйр Астана» әуе компаниясы бәсекелестік ортаға беруге ұсынылған кәсіпорындардың тізімінде жоқ

10.12.2015
«Эйр Астана» әуе компаниясы бәсекелестік ортаға беруге ұсынылған кәсіпорындардың тізімінде жоқ

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Әуе компаниясын сату туралы үшінші тұлғалармен, «QatarAirways» немесе басқа да мекемелермен ешқандай келіссөздер болған емес.

Егер де әуе компаниясы Қазақстан Республикасына немесе оның азаматына тиесілі болмаса, ондай жағдайда әуе байланысы туралы халықаралық келісімдерге сәйкес, компанияның шет мемлекеттерге халықаралық рейстерді жүзеге асыру құқы шектеледі.

«Эйр Астана» әуе компаниясы Еуропаға ұшуға рұқсаты бар жалғыз  компания. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан қаржылай қолдауды қажет етпейтін, ірі кәсіпорын.

 

Хабарламаларға жазылу