«Бек Эйр» әуе компаниясының атауы «Халық Эйр» болып өзгертілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бек Эйр» әуе компаниясының атауы «Халық Эйр» болып өзгертілді

25.05.2016
«Бек Эйр» әуе компаниясының атауы «Халық Эйр» болып өзгертілді

«Бек Эйр» әуе компаниясында ребрендинг рәсімі басталды. Яғни, бұдан былай «Бек Эйр» әуе компаниясы - «Халық Эйр» әуе компаниясы болып аталады. Бұл туралы бүгін аталмыш компанияның ресми сайтында жария етілді. 

Алдағы уақытта «Халық Эйр» әуе компаниясы «Бек Эйр» сауда маркасына тиесілі барлық рейстерді орындайды. 

«Ребрендинг жасау «Халыққа арналған әуе компаниясы» атты жарнамалық ұранымызға барынша сәйкес болуға деген талпыныстан туындады. Бұған қоса, біз әуе компаниясының қызметіне әсер етіп жатқан сыртқы факторларға қарамастан, жолаушыларымыздың қолдауын сезіп жатырмыз. Бұл үшін оларға ризашылығымызды білдіреміз. Ал ребрендинг рәсімі біршама уақыт алады. Бірақ біздің жолаушылар үшін ештеңе өзгермейді: рейстердің нөмірлері өзгеріссіз қалады, билеттер әдеттегідей әуе байланысы агенттіктерінде сатыла береді, әуе рейстері сол бұрынғы ұшақтар арқылы орындалады, экипаж мүшелері мен инженерлік-техникалық қызметтің құрамы да өзгеріссіз қала бермек. Сонымен қатар, «Халық Эйр» әуе компаниясының ұшу және авиациялық қауіпсіздік саласындағы саясаты өзгермейді, ол ең жоғары деңгейде болады», - делінген хабарламада.  

Осылайша, «Бек Эйр» сауда маркалы «Халық Эйр» әуе компаниясы «Халыққа арналған әуе компаниясы» ұранын жүзеге асыру мақсатында ребрендинг рәсімін жүзеге асыруға кірісті.  

Хабарламаларға жазылу