«Эйр Астана» жаңа бағыттар ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Эйр Астана» жаңа бағыттар ашады

05.07.2015
«Эйр Астана» жаңа бағыттар ашады

 «Эйр Астана» компаниясының кейінгі жұмысының бағдары әлемнің негізгі орталықтарына (Нью-Йорк, Токио, Сингапур) жаңа бағыттар ашуы. Аталған компанияны дамыту «ҚТЖ» ҰК» АҚ балама   бағыттарын дамыту жоспарларымен сәйкестендіріліп, соның арқасында жүк тасымалдау бағасы екі еседен артық төмендейді.

Көлік-логистикалық кешен құрылысы жалғасады. 2016 жылы халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізімен ұштасатын автокөлік жолы пайдалануға беріледі.

Қазіргі таңда «Эйр Астана» Астанадан Сеул, Париж және Тбилиси қалалары бағыттарында халықаралық рейстерді жүзеге асыруда.

Еске сала кетейік, 29 наурызда «Эйр Астана» әуе компаниясының «Боинг-757»  әуе кемесі Астанадан Парижге алғаш рет тікелей ұшты. Жалпы, Астанадан Парижге 71 адам, Парижден Астанаға 54 адам сапар шеккен. Рейс аптасына үш рет (сәрсенбі, жұма, сенбі) қатынайды, ұшу уақыты – 7 сағат.

Бұрын хабарланғандай, жақын арада «Эйр Астана» компаниясы Дубай және Гонконгпен тікелей әуе байланысын орнатпақ. 2016 жылы әуе компаниясы Жапония астанасы Токио қаласына бағыт ашады. Ал, 2019 жылы қазақстандықтар Нью-Йорк қаласына тікелей ұшу мүмкіндігіне ие болады.

Хабарламаларға жазылу