Павлодарда халықаралық «PavlodarOpen 2015» турнирі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда халықаралық «PavlodarOpen 2015» турнирі басталды

08.12.2015
Павлодарда халықаралық «PavlodarOpen 2015» турнирі басталды

Павлодар қаласының Шахмат үйінде Х рет ұйымдастырылып жатқан «PavlodarOpen 2015» халықаралық шахмат турнирі басталды, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.

Орталық Азияның атаулы додасында 85 спортшы бақ сынауда. Олардың қатарында Әзірбайжан, Беларусия, Қырғызстан, Ресей, Украина, Өзбекстан және Қазақстан мемлекеттерінің 17 халықаралық гроссмейстері және 12 халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері бар.

Айта кетерлігі, Павлодарға Беларусь Республикасының төрт дүркін чемпионы, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, Дүниежүзілік олимпиадаларға сегіз рет қатысқан шахмат әлеміндегі танымал гроссмейстер, турнирдің фавориті Алексей Александров келді.

Сондай-ақ, бұл жолы халықаралық деңгейдегі гроссмейтерлер, «PavlodarOpen 2014» додасының және Ресей чемпионатының жеңімпаздары атанған Сергей Волков, Борис Савченко мен Украина чемпионы Александр Зубов та сынға түспек.

Турнирдің ашылуы швейцариялық жүйе бойынша классикалық шахмат және блиц-турнир бағыттарында өтеді. Ресей чемпионы Алексей Безгодевтің шеберлік сабақтары да бағдарлама жоспарына енгізілген.

Он кезеңнен тұратын байрақты бәсеке 16 желтоқсан күні қорытындыланады. Аталмыш жарысқа Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры мен «Самұрық-Қазына» демеушілік еткен.

Хабарламаларға жазылу