Павлодарда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс басталды

08.11.2018

Сайыста 400-ден аса тоғызқұмалақшы бақ сынауда. Спорттың бұл түрі бойынша өтікізілген жарыстарға осынша адамның қатысуы ел тарихында алғаш рет. 4 жастан 70 жасқа дейінгі үміткерлер арасында Қытай, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Әзірбайжан елдерінен өкілдер бар. Байрақты дода Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің жүлдесіне арналған. Ойын ережесіне сай қатысушылар «рапид», яғни, жылдам жүріс жасау арқылы шеберлік таластырады. Әр ойыншыға берілген уақыт 20 мнут. Жарыс екі күн бойы жалғасады. 

Демирал-Сайд Мүрсәлім, сайысқа қатысушы:   

- Ауғанстанда тоғызқұмалақ бар. Негізі, мұның отаны Қазақстан. Қазақстанға шеберлік сынау үшін келдім. Келгеніме қуаныштымын. Себебі, бұл жерде көп нәрселерді үйреніп жатырмын.  

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу