Шоколад туралы қызықты деректер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шоколад туралы қызықты деректер

29.11.2015
Шоколад туралы қызықты деректер

Назарларыңызға шоколад өнімі туралы деректер ұсынамыз:

  1. Шоколадты тәтті өнімдер жүрек қантамырлар жүйесін реттейді және тамырларды тазартады.
  2.  Статистикаға жүгінсек, 2011 жылы шоколодтың сатылу көлемі 83 миллиард долларды құраған. 2016 жылы бұл сан 15 пайызға өседі деген болжам бар.
  3.  Гиннестің рекордтар кітабына енген дүние жүзіндегі ең үлкен шоколад салмағы 4,41 тонна. Көлемі 5,6 х 2,75 х 0,25 метр.
  4.  Әлемдегі  ең қымбат шоколад «Chocopologie by Knipschildt». Бұл өнімнің бағасы 453 граммы 2600 доллар.
  5.  Мокая және и Омельки есімді мексикандықтар  дүние жүзінде алғаш болып какаоның дәмін татқан.
  6. Жануарлар үшін шоколад құрамында «теобромин» болғандықтан олар үшін улы болып келеді.
  7. Жапондықтар «Кит Кат» атты ерекше нышандық шоколад тапқан. Жапон тілінде ол «киттокацу» деп дыбысталады яғни, ол «міндетті түрде жеңу» дегенді білдіреді. Сол себептен жапондықтар «Кит Кат» шоколадын өте маңызды іспен айналысар бұрын жейді.
  8.  Дүниежүзі бойынша шоколад нарығы 85 миллиар долларды құрайды.
  9.  Латиноамерикандық емшілер шоколодты бронхит сынды ауруларды жазу үшін  емдік мақсатта қолданады. Ал, кей аймақтарда ыстық шоколадты ара мен сарышаян шаққан жерлерге жағады.
  10. «Шоколад»  атауы майа «xocolatl» сөзінен шыққан. Ол «ащы су» деген мағынаны білдіреді.
  11. Ақ шоколадты қара шоколадты әзірлеудегі айырмашылық ақ шоколадқа қатты какаоның орнына оның майы пайдаланылады.

Хабарламаларға жазылу