Орхан Насибовты Қазақстанмен тағдыры 8 жасында табыстырды. Әзірбайжаннан қоныс аударған ол бүгінде Еуразия тілдері институтының студенті. Қоғамдық жұмыстарға белсенді Орхан Қазақ елінде өскенін мақтан тұтады.
«Өзге ұлттарды бір-бірімен біріктіретін дүние ол – тіл. Тіл білу – рухани байлық. Сол себепті, қазақ тілін білу – біздің азаматтық борышымыз»,-дейді ол.
Орхан Насибов бірнеше шет тілін меңгерген. Қазіргі таңда түрік тілін өз қатарластарына оқытуда.
«Мақсатым – халқыма пайдалы адам болу. Себебі, бұл ел маған бар мүмкіндікті берді»,-дейді кейіпкер.
Толығырақ – «Таңшолпанда».