«Таңшолпан». Қыс мезгілінде адам неге көп салмақ жинайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Қыс мезгілінде адам неге көп салмақ жинайды?

25.01.2018

Халықаралық дәрежедегі дұрыс тамақтану кеңесшісі Жәния Сәтпаева бағдарлама төрінде болып, дұрыс тамақтану, салауатты өмір сүрті салты туралы сөз қозғады.

«Қыс мезгілінде адам салмақ неге көп жинайды?» деген сұрақ жиі келеді. Себебі күн қысқа, адам аз қимылдайды. Көкөністер мен адам ағзасына пайдалы заттар азаяды.

Дене бітімі мен салмағы сәйкес болу үшін ағзаға пайдалы көкөніс жеу керек. Көбінесе ет тағамдарын басқа тағаммен ауыстыруға болдады. Одан басқа жаттықтырулар туралы ұмытпау керек.

Кез келген қазақ соғымсыз қыс өткізбейді. Әрине қазақ етті жақсы көреді. Кеңесші ретінде айтарым, қой, сиыр етіне қарағанда жылқы етін қолданған жөн. Өйткені қой еті ауыр, майлы. Әсіресе кешке ет тағамдарын пайдалану өте ауыр», - дейді маман.

Хабарламаларға жазылу