Шығыс Қазақстандағы геологиялық барлау жұмысында квадрокоптер қолданыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы геологиялық барлау жұмысында квадрокоптер қолданыла бастады

12.05.2017

Шығыс Қазақстандағы геологиялық барлау жұмысында квадрокоптер қолданыла бастады. Пайдалы қазбалардың жаңа кеніштерін  табу үшін жер қойнауын зерттеушілер үлкен аумақтарды игеруі тиіс. Ал, заманауи технология жұмыстың тиімділігін бірнеше есеге арттырып отыр.

Еліміз бойынша алғаш болып аэротүсірілімді қолдана бастаған геологиялық барлау компаниясы өкілдерінің айтуынша, тың әдістің арқасында белгіленген аумақ жылдам зерттеледі. Дронның, әсіресе, адам аяғы баспаған ну ормандарда, таулы аймақтарда пайдасы көп. Ал, әуелден қолданыста бар құрал-жабдықтарды тікұшақ немесе ұшақпен әуеге көтеру көп қаржылай шығынды қажет етеді. Ал заманауи геологиялық бағдарламаларды квадрокоптер көмегімен іске асыру жер қойнауын зерттеу жұмысын едәуір жеңілдетеді. Шағын ұшатын аппараттардың көмегімен жиналған ақпарат, видео және фото материалдардан 3D модельдер жасау да қиын емес. Квадрокоптерлердің ең басты ерекшелігі –  үнемділік және қауіпсіздік.  

Хабарламаларға жазылу