Саңырауқұлақтың адам ағзасына пайдасы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саңырауқұлақтың адам ағзасына пайдасы (ВИДЕО)

13.04.2016
Саңырауқұлақтың адам ағзасына пайдасы (ВИДЕО)

Саңырауқұлақ - ерте көктемде шығатын өсімдіктердің бірі. Дәмдік қасиеті мол бұл өнімнің әлем бойынша 100 мыңға жуық түрі кездеседі. Жеуге жарамдысы, жарамсызы да бар.

Адамға азық болатын саңырауқұлақтар көбінесе ақ түсті болып келеді. Олар ақуыздар мен көмірсуларға бай.

«Саңыруқұлақтағы ақуыздар мөлшері етпен салыстырғанда үш есе, жұмыртқамен салыстырғанда екі есе жоғары. Құрамында адам ағзасына пайдалы күрделі және жеңіл сіңетін көмірсулар кездеседі», дейді тағамтанушы Мақпал Бакирова. 

Саңыруқұлақ құрамындағы В1,  В2 дәрумендері ағзадағы қанайналым процесін жақсартады. Шаш пен тырнақтың өсуіне оң әсер етеді. Ас қорыту жүйесіндегі сөл шығаруды реттейді.

Ал, консервідегі саңырауқұлақтарды сатып алуда не нәрсеге мән берген жөн? Толығырақ  «Таңшолпанның» «Пайдалы кеңес» айдарынан біліңіз. 

Хабарламаларға жазылу