Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
AGRO – ауыл шаруашылық техникасы және жабдығы, жылыжайлар, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, бағбаншылық, FOOD – азық-түлік, сусындар, жабдық және қаптама және HORECA – ас үй және сауда жабдығы және сауданы автоматтандыру сынды бөлімдерден тұратын халықаралық іс-шараға қазақстандық және шетелдік кәсіпорындар қатысады деп күтілуде.
Осыған қарай, өңірге шетелдік инвестицияны тарту, елдегі кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін кеңейту көзделіп отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі қатысушыларға көрмедегі жабдықталған 9 шаршы метр алаңды тегін ұсынбақ.
«AgroProm Shymkent – 2015» көрмесін өткізуге біздің өңір кездейсоқ таңдалған жоқ. Оңтүстік Қазақстан облысы республикада ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің үлестік өнімінің көлемі бойынша көшбасшы атанып отыр.