Астанада «KazAgro-2015» және «KazFarm-2015» көрмесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «KazAgro-2015» және «KazFarm-2015» көрмесі өтеді

26.10.2015
Астанада «KazAgro-2015» және «KazFarm-2015» көрмесі өтеді

27 қазанда Астанадағы «Көрме» орталығында сағат 11:00-де ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі көрмесі «KazAgro-2015» және мал шаруашылығы және ет-сүт өнеркәсібі көрмесі «KazFarm-2015» жыл сайынғы ірі халықаралық көрмелерінің салтанатты ашылуы өтеді.

«KazAgro-2015» және «KazFarm-2015» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмелері Қазақстанның ауыл шаруашылығы индустриасының дамуына өз үлесін қосып отырған еліміздің ең басты аграрлық көрмелерінің бірі.

«KazAgro/KazFarm-2015» халықаралық көрмесінде әлемнің жетекші агроконцерндерінің бірқатар жаңа ауылшаруашылық техникалары мен жабдықтары, инновациялық технологиялар және аграрлық секторды дамытуға арналған бағдарламалар  ұсынылады.

Отандық ұшақ жасау саласының жетістіктерімен тұтас темірден жасалған қысқа қашықтықта ұшып-қонатын 4 орындық «АРАЙ» ұшағы  (тұтас темірден жасалған канадалық ұшақтың прототипі) таныстырмақ.

Сонымен қатар, жаңадан шығарылған жабдықтар арасында АСЭШ-8-1, АСЭШ-8-2 ауа-жылытуды өлшеу қондырғылары, «ВЬЮГА» зертханалық диірмені, НЕ-53 ылғалдылық анализаторы, жаңа Alvaen Blansh астық кептіргіші, ЖВЗ-10 дестелегіші, ПСК сериялы соқа және тағы басқалар ұсынылады.

 

Хабарламаларға жазылу