Трансұлттық корпорациялар Қазақстандағы қызметтерін кеңейтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трансұлттық корпорациялар Қазақстандағы қызметтерін кеңейтпек

18.11.2015
Трансұлттық корпорациялар Қазақстандағы қызметтерін кеңейтпек

Бизнес жасауға қолайлы жағдай мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мол мүмкіндіктер әлемдік алпауыттар үшін жаңа кеңістіктерді ашып отыр.

Биыл трансұлттық корпорациялардың қатысуымен 5 кәсіпорын іске қосылды. Олар химия, машина жасау, мұнай өндіру мен өңдеу саласында ашылған болатын. Бүгінде қайта инвестициялау кезеңінде 30 компания тұр. Олардың алтауы қазірдің өзінде жобаларын іске қосып үлгерді. Олар: Danone, Lotte Group, АВЗ, BTM, Galaksi, Coca-Cola.

2015 жылы Қазақстанда «СарыаркаАвтоПром» кәсіпорынының базасында «JAC» жеңіл көліктерін өндіру қолға алынды. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін 700 ден астам жеңіл көлік өндіріледі. Сонымен қатар, америкалық «Gevo» дизельді қозғалтқыштарын жасайтын зауыт та ашылды. Жоба құны 60 млн долларды құрайды. Ал, зауыт жылына 400 дана мотор жасап шығармақ.

Біздің нарықта әлемнің ірі компанияларының қызмет көрсетуі инвесторлардың елімізге деген сенімі. Жобалардың ең басты ерекшелігі олардың барлығының шикізаттық емес секторда болуында.

 

 

Хабарламаларға жазылу