Басты Жаңалықтар Еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері жалпыұлттық коалицияға бірікті

Еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері жалпыұлттық коалицияға бірікті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!». Бүгін осындай ұранмен еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері Жалпыұлттық коалицияға бірікті. Оның құрамына бес жетекші саяси партияның өкілдері мен азаматтардың мүддесін білдіретін 300-ден астам қоғамдық ұйым енді. Отырысқа қатысушылар Жаңа Конституция жобасы саяси жүйе архитектурасын қоғамның жаңа сұранысына сай түбегейлі қайта жаңғыртады деген пікірді алға тартады. Сондай-ақ бұл - биліктің барлық тармағының тұрақты жұмысын қамтамасыз етпек. Кездесуге қатысушылар жаңа Конституция жобасы мемлекеттің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға, кәсіпкерлікті қолдауға, ғылымды, мәдениетті және ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарға толық сәйкес келетінін айтты. Жуырда Коалиция мүшелері өңірлерде түсіндіру жұмысын бастайды. Шалғай елді мекендер де назардан тыс қалмайды.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Қазақстанның жаңа Конституциясы осы іргелі реформалардың шырқау шыңы. Бұл бастама Қасым-Жомарт Кемелұлының жылдар бойғы ой-толғамдарының жемісі. Халықтың мұң-мұқтажы, талап-тілегі мен үміт-сенімі ұштасқан тарихи құжат. Сондықтан жаңа Ата заң халықпен бірге жазылған нағыз халықтық Конституция деуге толық негіз бар.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

  1. Жаңа Конституция қарапайым адамдардың мүддесіне бағытталғанын көрсетеді. Себебі мемлекеттің басты қазынасы да, тірегі де оның азаматтары. Бұл жаңа Конституцияда нақты айқындалды. Сондықтан бұл азаматтарға үміт беретін Конституция.  


Бөлісу