Ауа райына байланысты автожолдар жабылды
Қолайсыз ауа райына байланысты бүгін сағат 13:00-де Жамбыл және Түркістан облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың бірқатар учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, Ресей шекарасынан Қытай шекарасына дейін апаратын автожолдың учаскелеріндегі 534-593 шақырымдары және 593-654 шақырымдары аралығында жол жабылған. Яғни Жамбыл облысындағы Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін, ал Түркістан Жамбыл облысының шекарасынан бастап Машат ауылына дейін көлік қозғалысы шектелді.
Қосымша ақпарт алу үшін азаматтар 1403 байланыс орталығына хабарласа алады.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеті жылдың басты көрсеткіштері мерекелік билбордтарда
22.10.2026, 18:26
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17