«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «Kazsport» ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «Kazsport» ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

17.11.2015
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «Kazsport» ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

20-28 қараша аралығында АҚШ-тың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа Қазақстан Ұлттық құрамасынан 15 спортшы қатысады. 

Бұл әлемдік дода лицензиялық турнир болып есептеледі. Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Рио Олимпиадасына берілетін лицензиялардың толық жиынтығын (ерлер арасында 6, әйелдер арасында 4 лицензия) иелену үшін ерлер командасы жалпыкомандалық 6-шы, ал қыздарымыз 9-шы орын алу керек.  

Айта кетейік, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы және «Kazsport» ауыр атлетикадан 2015 жылғы Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді.

2015 жылғы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасы:

Ерлер:

Арли Чонтей (56 кг)

Фархад Харки (62 кг)

Нижат Рахимов (77 кг)

Денис Уланов (85 кг)

Ермек Өміртай (85 кг)

Жасұлан Қыдырбаев (94 кг)

Алмас Өтешов (94 кг)

Александр Зайчиков (105 кг)

Әйелдер:

Маргарита Елисеева (53 кг)

Карина Горичева (63 кг)

Жазира Жаппарқұл (69 кг)

Майя Манеза (69 кг)

Светлана Подобедова (75 кг)

Надежда Ногай (75+ кг)

Александра Аборнева (75+ кг).

Хабарламаларға жазылу