Ұлттық музейде М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған әдеби-сазды кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған әдеби-сазды кеші өтеді

08.02.2016
Ұлттық музейде М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған әдеби-сазды кеші өтеді

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік қызметі.  

Кештің басты мақсаты – қазақтың маңдайына біткен ұлы перзентінің туған күнін ескерусіз қалдырмау және сол арқылы музейге келуші қонақтарға әдебиетіміздің алтын қорына енген өнегеге толы ақын өлеңдерін насихаттау.

«Қаншама жылдар өтсе де өміршеңдігін жоймай келе жатқан ақынның шығармаларын кез келген жастағы қазақстандық сүйіп оқиды. Аталмыш кештің өтуі соған бұлтартпас дәлел болмақ. Әдеби-сазды кеште музейдің жастар театр студиясы поэтикалық пролог жасап, музей қызметкерлері ақынның өлеңдерін орындайды»,-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Шараға Серік Тұрғынбеков, Ажар Ерболған сынды мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады.

 

Хабарламаларға жазылу