Астанада Жеңістің 71 жылдығына арналған шаралар өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Жеңістің 71 жылдығына арналған шаралар өтеді

08.05.2016
Астанада Жеңістің 71 жылдығына арналған шаралар өтеді

8 мамырда қалалық орталық зиратта Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлер зиратына Даңқ гүлшоғын және гүлдер себетін қою рәсімі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.

Жексенбі күні Астаналық паркте сағат 10.00 «Астана» фитнес паркі ашылады, мұнда кез келген қала тұрғыны танымал спорттық бағыттар бойынша өз күшін сынау мүмкіндігіне ие болады. Осы күні сағат 15:00 Бейбітшілік және келісім сарайында «Отан деп соққан жүрегім...» мерекелік концерті өтеді.   

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай қалалық алаңдарда мерекелік концерттер мен халықтық серуендердер ұйымдастырылады: «Студенттік» паркте, қала әкімдігінің және «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда. Сағат 11.00 «Отан қорғаушылар» монументіне Даңқ гүлшоғын қою рәсімі өтеді.

Сонымен қатар, осы күні Тәуелсіздік даңғылының бойымен «Жаужүрек полк» шеруі жүріп өтеді, оған қатысушылар «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қояды.

Жеңіс күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік ленталар таратылады. Мереке күндері өтетін шараларға 150 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонақтары келеді деп күтілуде.

 

Хабарламаларға жазылу