«Таңшолпанда» - Әйгерім Бекетаева, Бақтияр Адамжан (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - Әйгерім Бекетаева, Бақтияр Адамжан (ВИДЕО)

17.11.2015
«Таңшолпанда» -  Әйгерім Бекетаева, Бақтияр Адамжан (ВИДЕО)

«Астана Опера» Мемлекеттік  Опера және Балет театрының жетекші солистері  Әйгерім Бекетаева, Бақтияр Адамжан бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

25 қыркүйекте басталған II халықаралық   «Жібек Жолы» фествиалі 13 қарашада Гала-концертпен аяқталды. Осыған тоқталған Бақтияр Адамжан: «25 қыркүйектен бері талай спектакль қойылды. Гала-концертте солардың бас-аяғын жинақтап, үлкен кеш жасадық. Шетелдік қонақтардың бізден үйренгені көп болды. Себебі, олар біздің театрға келді, біздің өнерді көрді»,-дейді.

«Бұл ретте театрдың техникалық мүмкіндігі туралы айта кеткен жөн. Театрда заманауи жағдай жасалған. Балет әртісі үшін еден өте маңызды. Шетелдіктерді қызықтырғаны да сол болды. Сахна декорациясының  бір бұрышынан екінші бұрышына ауысып келгені қызық олар үшін».

«Алтынай Асылмұратовамен фестиваль кезінде толыққанды жұмыс істей алмадым. Бірақ, бірге дайындалған кездерде ол кісіден алған тәжірибем мол»,-дейді Бақтияр Адамжан.

Мамандығының қыр-сырына тоқталған Әйгерім Бекетаева: «Балетпен бала кезімнен айналысып келемін. Бірақ, отбасымда балетке жақын ешкім жоқ. Менің бар арман-мақсатым осы балетпен байланысты. Осы театрға келіп, жаныма жақын қойылымдарда ойнап жүргенімді мақтан етемін»,-дейді.

Ал, Бақтияр Адамжан: «Мысалы, шетел балеттерінде көбіне жетекші балет әртістері бірнеше әулеттен бері жалғасқан. Бізде бір қызығы, ондай жоқ. Балетте бір отбасынан бір өзі жүргендер көп. Менің де отбасымда балетпен айналысқан ешкім жоқ. Балетке дейін өзім күреспен айналыстым»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу