Е дәрумені қандай азық-түлік құрамында көп кездеседі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е дәрумені қандай азық-түлік құрамында көп кездеседі?

15.11.2015
Е дәрумені қандай азық-түлік құрамында көп кездеседі?

Ағзаға Е дәрумені тағам арқылы түскендіктен, қандай азық-түлік құрамында болатынын білген жөн. Сондай-ақ, токоферолы бар өнімді мөлшерден тыс қолданса гиповитаминоз  бен жағымсыз әсерлерді сезінбес үшін  қаншалықты мөлшерде пайдалану керек осыларды білген дұрыс. Е дәруменінің басты рөлі – ағзадағы мембран клеткаларын радикалдардан қорғау.

Токоферол (Е дәрумені):

  • Терідегі жаралар мен тыртықтардың қалыптасуын бәсеңдетеді;
  • Қанқысымының жоғарлауын төмендетеді;
  • Шаршағыштықты басады;
  • Ағзадағы қанттың төмендеуіне септігін тигізеді;

Дәрумен кездесетін негізгі тағам өсімдік тектес. Көбіне токоферол бидайда болғандықтан, диетологтармен косметологтар бұл өнімді тері ауруларын емдеуде қолдануды кеңес береді.

Басқада күнбағыс, жүгері, зәйтүн өсімдік майларында Е дәрумені көп мөлшерде болады. Бірақ, өсімдік майларын күндізгі тәулікте мөлшерден тыс қолданбаған жөн. Күніне 2-3 қасық мөлшерде пайдалану тиімдірек.

Сонымен қатар, дәрумен өсімдік тектес: орех, арахис, грек жаңғағы мен бадамда; бұршақ тұқымдас: асбұршақ, фасольда; жармалар: сұлы, күріш; көкеністер: шпинат, қызанақ, сәбіз, пияз, ақжелекте (петрушка), жемістер: банан, апельсин, алмұрт, сабақты дәндерде  бар.

Хабарламаларға жазылу