Мектеп қабырғасында жүргенде «Соровка – Воровка» ертегісіндегі басты рөл ханшайымды сомдаған Гүлжан Әспетова, сол кезде-ақ жұлдыз атанған еді.
Ұстазы Павел Васильевич баланың бойындағы ерекше дарынды байқап: «Гуля, Гуленка, сен тек өнерге арналған қызсың! Сенің бойыңда актриса болуға барлық қасиет пен мүмкіндіктер бар»,-деген екен.
Ес білгелі сахнаның төрінен табылған актриса бүгінде: «Мен сахнаға тым болмаса, бір айда бір рет шықпасам, ішкі әлемім босап қалады. Халықтың алдына шығып, халықтың қошеметін сезініп, сырын, мұңын тарқатпаса, адам рухани өліп кетеді»,- дейді.
ҚР Халық әртісі бүгін «Сенбілк кездесуде» қонақта.