Париж театрында 100-ге тарта адам кепілдікке алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж театрында 100-ге тарта адам кепілдікке алынды

14.11.2015
Париж театрында 100-ге тарта адам кепілдікке алынды

Француз астанасындағы бірнеше шабуылдар сериясы салдарынан кемінде 35 адам қазаға ұшырады, деп хабарлады Би-би-си.

Концерт залындағы атыс калифорниялық  Eagles of Death Metal рок тобының концерті өтіп жатқан  бір сағаттан соң басталды.

Шабуыл жасаушылардың саны туралы мәліметтер әртүрлі, кейбір БАҚ-тар бір-екі, басқалары - бес-алты адам туралы хабарлайды.

Француз журналисі кепілге алу кезінде шабуыл жасаушылар Сирия туралы әңгіме қозғаған дегенді айтты.

Сондай-ақ бірнеше ондаған адам Париждегі бірнеше шабуылдар, сондай-ақ француз астанасы маңындағы Стад де Франс стадионындағы жарылыстар  салдарынан қазаға ұшырады.

Petit Cambodge мейрамханасында қарулы адам автоматтан оқ жаудырған.

Liberation газетінің мәліметтері бойынша, атыс салдарынан төрт адам мерт болған. Би-би-си журналисі оқиға орнынан жолда өліп жатқан немесе елеулі жарақаттанған 10 адамды көріп тұрғанын хабарлаған.

Франция мен Германия арасындағы матч өтіп жатқан Стад де Франс стадионының маңында үш жарылыс болған.

Матчты тамашалауға Франция президенті Франсуа Олланд қатысқаны, оның қауіпсіз жерге көшірілгені хабарланды. Ол шабуылдарға байланысты шұғыл кеңес өткізуде.

Кейінірек ТАСС Франция президенті Франсуа Олланд Францияда шұғыл жағдай енгізілетінін, шекаралар жабылатынын жариялағанын хабарлады. 

 

ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу