Мәскеуде 250-дей адам сауда үйінің күзетшілерімен төбелес ұйымдастырмақ болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде 250-дей адам сауда үйінің күзетшілерімен төбелес ұйымдастырмақ болған

21.09.2017

Қаланың оңтүстік-шығысында орналасқан сауда үйлерінің біріне кеше кешкісін шамамен 250-дей адам жиналып, сол жердегі күзетшілермен жаппай төбелес ұйымдастырмақ болған. Себебі, жеке күзет фирмасының қызметкері сол жерде жұмыс істеп жүрген жүк тасушы тәжікті жақын маңдағы қоқыстың біріне алып барып, есінен танғанша ұрып-соғып, сол жерде қалдырып кеткен. Мұны естіген еңбек мигранттары ызаға булығып, күзетшілерден кек алу үшін сауда үйіне ағылып келе бастайды. Алайда, полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, жиналған жұртты сабасына түсірді. Ал, сол жерде болған 100-ге тарта адам қамауға алынды. Қазір құқық қорғаушылар олардың саусақ белгілерін алып, көші-қон құжаттарының дұрыс-бұрыстығын тексеріп жатыр.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу