Балаларға ағылшын тілін үйрететін «Ғажайып әліпби: ағылшын тілінде сөйлеп үйренейік» көмекші құралы жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларға ағылшын тілін үйрететін «Ғажайып әліпби: ағылшын тілінде сөйлеп үйренейік» көмекші құралы жасалды

12.11.2015
Балаларға ағылшын тілін үйрететін «Ғажайып әліпби: ағылшын тілінде сөйлеп үйренейік» көмекші құралы жасалды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Балапан» бағдарламасы аясында бүлдіршіндерге  ағылшын тілін үйрететін көмекші құрал құрастырылып, оқу бағдарламасына енгізілді.

«Ғажайып әліпби: ағылшын тілінде сөйлеп үйренейік» деп аталатын жинақ  әріптерді жеңіл әрі жылдам меңгеруге ыңғайлы етіп жасалған. Ал,  айтылуын оңайлату үшін инновациялық әдістеме арқылы үйретуге негізделген.

Сонымен қатар, қазақ тілі дыбыстарын ағылшын тілімен қосарлана үйрету мақсатында  әдістеме берілген.

Айта кетейік, балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп жасалған құралдағы барлық материалдар оқушыға қолайлы портфельге салынып ұсынылады. Портфельдің құрамына енген бояу дәптері әліпбиде берілген материалдарды пысықтауға, түстерді ажыратуға және сурет өнеріне баулуға көмектеседі.

Яғни, оқу құралы бала ағылшын тілінде оқу, көру және есту арқылы жан-жақты меңгеруге керемет мүмкіндік алады,  деп жазады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.

 

Хабарламаларға жазылу