Оралда ағылшын тілін үйрететін жазғы лагерь ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда ағылшын тілін үйрететін жазғы лагерь ашылды

30.05.2018

Әрі тынығады, әрі танымын кеңейтеді. Оралда балаларға ағылшын тілін үйрететін жазғы лагерь жұмысын бастады. Игі іс, «Нұр Отан» партиясының «Үш тұғырлы тіл» партиялық жобасы аясында жүзеге асып отыр. Демалыс орны балаларды 4 ауысымда қабылдайды. Көк өрімдерге тіл үйретудің арнайы бағдарламасы жасақталған. «Ойын арқылы оқыту ең тиімдісі», - дейді мамандар. Сондай-ақ, жеткіншектердің техникалық шығармашылығын дамытып, ІТ сауаттылығын арттыруға да көңіл бөлінеді. 

Архат Ислямғали, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бөлім кеңесшісі:

- Біздің балаларымызға ағылшын тілін арнайы мұғалімдер және осы тілді жетік меңгерген еріктілер үйретеді. Зат есімдерді ағылшынша айту сияқты қарапайым дүниелерден бастайды.

 

Назерке ТОҚЖАН

Хабарламаларға жазылу