Шал ақын ауданында «Болашақ» бағдарламасының түлегі Данара Есімова балаларға ағылшын тілін үйретіп жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шал ақын ауданында «Болашақ» бағдарламасының түлегі Данара Есімова балаларға ағылшын тілін үйретіп жүр

03.10.2019

Теріскейдегі Шал ақын ауданында «Болашақ» бағдарламасының түлегі Данара Есімова жергілікті балаларға ағылшын тілін үйретіп жүр. Мектеп оқушыларын жинап, өз білімімен бөліседі, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат береді. Осылайша, жеткіншектердің болашақта білімді, жан-жақты болып өсуіне ықпал етеді. Қияндағы мекенде қоғамдық жұмыспен айналысып жүрген жерлесіміз жөнінде тілшіміздің бейнематериалы.

Данара Есімова «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияда оқып келген. Мамандығы — заңгер. Бірақ бос уақытында балалармен жұмыс істейді. Мақсаты — жеткіншектерді білімге баулу.

Данара Есімова, «Болашақ» бағдарламасының түлегі:

Балаларды қоладудың түрлері көп. Мен қолымнан келгенін істеудемін. Өз біліміммен бөлісемін. Сабақтарда ағылшын тілінде ғана сөйлесіп қоймай, мемлекеттік бағдарламалар туралы айтамын.

Жұлдыз Тоқтарова 11 сыныпта оқиды. Болашақта дәрігер болғысы келеді. Сондықтан ағылшын тілі сабағына үзбей қатысады.

Жұлдыз Тоқтарова, оқушы:

Бұл мұғалім бізге көп тестер жүргізеді. Ол қиын тест болып есептеледі. Сондықтан бізге үлкен тәжірибе. Ағылшынша сөйлесеміз.

Ағылшын тілі үйірмесіне 15 бала қатысады. Жас айырмасына байланысты олар 2 топқа бөлінген. Данара Есімова жеткіншектердің шет тілін еркін меңгеріп, көзі ашық көкірегі ояу ұрпақ болып өскенін қалайды.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу