«Астана-Арена» стадионында әншілер мен спорт саңлақтары арасында футболдан жолдастық кездесу өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана-Арена» стадионында әншілер мен спорт саңлақтары арасында футболдан жолдастық кездесу өтеді (ВИДЕО)

12.11.2015
«Астана-Арена» стадионында  әншілер мен спорт саңлақтары арасында футболдан жолдастық кездесу өтеді (ВИДЕО)

«Таңшолпан» студиясының қонақтары - актер Әділ Ахметов және «ALASH-Production» агенттігінің бас директоры Ержан Баянбаев.

15 қарашада Астанада тұңғыш рет «ALASH-Production» агенттігінің ұйымдастыруымен Қазақстан эстрадасының жұлдыздарынан құралған «Алатау» футбол командасы және спорт саңлақтарынан жасақталған «Ұлы дала батырлары» командасы арасында футболдан жолдастық кездесу өтпек.

Шара биылғы жылы ел абыройын асқақтатқан «Астана» футбол клубының Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтуі құрметіне арналады.

Әділ Ахметов бұл кездесуде «Алатау» командасының құрамында ойнамақ.  

Шара «Астана-Арена» стадионында сағат 18:00-де басталады.

 

 

Хабарламаларға жазылу