Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Мәскеуге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Мәскеуге жетті

30.03.2015
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Мәскеуге жетті

Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де Юрий Красножан шәкірттері алғашқы жаттығу жиынын және баспасөз мәслихатын өткізеді. Ресей барған футболшылар тізімінде екі қақпашы Ненад Эрич пен Владимир Логиновский, қорғаушы Ренат Абдулин, жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев және шабуылшы Дәуренбек Тәжімбетовтер жоқ.  

2008 жылы қос құрама Мәскеуде жолдастық кездесу өткізіп, Ресей құрамасы 6:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Араға 7 жыл салып, Ресей мен Қазақстан Ұлттық құрамасы қайта жолдастық кездесу өткізбек.

Еске сала кетейік, жолдастық кездесу 31 наурыз күні Астана уақыты бойынша 23:00-де «Химки Арена» стадионында өтеді.

Хабарламаларға жазылу