Бүгін футболдан Қазақстан – Латвия арасындағы кездесуге қатысты телекөпір өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін футболдан Қазақстан – Латвия арасындағы кездесуге қатысты телекөпір өтеді

08.09.2014
Бүгін футболдан Қазақстан – Латвия арасындағы кездесуге қатысты телекөпір өтеді

Бүгін Астана уақытымен 21.04-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында футболдан Еуро-2016 чемпионатының  іріктеу кезеңінің басталуына орай Астана мен Алматы арасында телекөпір өтеді.

Қазақ футболшылары алғашқы ойында Латвия құрамасын қабылдайды. Бұл матч ертең «Астана Арена» стадионында Астана уақытымен сағат 22.00-де басталады.

Қазақстан-Латвия матчын Ұлттық телеарна мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кету керек, бұған дейін екі құрама да жолдастық кездесу өткізген. Латвия құрамасы өз елінде Армения құрамасынан 2:0 есебімен басым түссе, Қазақстан құрамасы Қырғыз Республикасының ойыншыларын 7:1 есебімен ойсырата ұтты.

Хабарламаларға жазылу