Футболдан Ресей мен Қазақстан құрамаларының арасындағы жолдастық кездесу «Арена Химки» стадионында өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Ресей мен Қазақстан құрамаларының арасындағы жолдастық кездесу «Арена Химки» стадионында өтеді

04.03.2015
Футболдан Ресей мен Қазақстан құрамаларының арасындағы жолдастық кездесу «Арена Химки» стадионында өтеді

Қазақстан мен Ресей құрамалары арасындағы жолдастық кездесудің өтетін орны мен уақыты белгілі болды. Бұл туралы Футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.                                                                                                

Фабио Капелло мен Юрий Красножан  шәкірттері 31 наурызда «Арена Химки» стадионында кездеседі. Матч Астана уақытымен 23:00-де басталады.

«Арена Химки» стадионында мәскеулік «ЦСКА» мен «Динамо» клубтары Ресей Премьер-лигасы мен еурокубок ойындарының матчтарын қабылдайды.

Анықтама: «Арена Химки» стадионының сыйымдылығы -  18 636 орын.

Хабарламаларға жазылу