Айдын Айымбетов Павлодардағы Оқушылар сарайында обсерваторияның ашылуына қатыспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айдын Айымбетов Павлодардағы Оқушылар сарайында обсерваторияның ашылуына қатыспақ

05.11.2015
Айдын Айымбетов Павлодардағы Оқушылар сарайында обсерваторияның ашылуына қатыспақ

Ертең Павлодар қаласына Қазақстан Республикасының ғарышкері, «Халық қаһарманы», еліміздің әскери-әуе қызметінің полковнигі Айдын Айымбетов келеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Ішкі саясат бақармасының хабарлауынша, А. Айымбетов 6 қараша күні Павлодардағы М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында обсерваторияның ашылуына қатыспақ.

Салатанатты шара сағат 15:00-де басталады. 16:00-де Ломов көшесі 38-үй мекежайы бойынша «Жұлдыздарға жол» атты жастармен кездесу өтеді. Аталмыш обсерватория оқушыларға астрономия мен астрофизика ілімдерін үйренумен қатар ғылыми жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.

Оқушылар сарайындағы планетарийді жаңғырту және жабдықтау мақсатында 90 млн теңге жұмсалған. Айта кетерлігі, жуырда Павлодар аймағындағы әуесқой 72 астроном түнгі уақытта телескоп арқылы ғарышты зерттеуді бастады.
 

Хабарламаларға жазылу