Елбасы рөлін сомдаған Әбілмансұр Серіков «Таңдау» телехикаясында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы рөлін сомдаған Әбілмансұр Серіков «Таңдау» телехикаясында

04.11.2015
Елбасы рөлін сомдаған Әбілмансұр Серіков «Таңдау» телехикаясында

Телехикая режиссері - Айдын Сахаманов, сценарий авторы – Ләззат Түлкібаева.

Хикаяның басты кейіпкерлері жаңа ғылыми жобаны ашуға ұмтылған төрт дос. Кейіпкерлер арқылы нағыз достықтың үлгісі көрсетіледі. Аталмыш телехикаяда 4 достың бірін жас актер Әбілмансұр Серіков ойнайды.

Жас актер 2009-2013 жылдары  Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының театр факультетін  тәмамдаған. Рахилям Машурова, Роза Рымбаева, Айдын Сахаманов  сынды ұстаздардан тәлім алған.

Әбілмансұр Серіков бұған дейін «Шолпанның күнәсі»  фильміне, Рымбек Әлпиевтің «Ангелочки» сериалына түскен. Сондай-ақ,  ҚР Президенті туралы «Балалық шағымның аспаны» фильмінде Елбасының 15-16 жастағы бозбала шағын сомдаған.

«Балалық шағымның аспаны» — 2011 жылғы режиссёр Рүстем Әбдірашевтің Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағы жайында түсірген көркем фильмі.

Әбілмансұр Серіков «Балалық шағымның аспаны» фильмінен кейін көрермендерге  таныла бастаған.

Енді жас актер «Қазақстан» Ұлттық арнасынан жақында шығатын «Таңдау» көркем телехикаясында жаңа қырынан танылмақ. Сондай-ақ, «Таңдау» телехикаясында Әшім Ахметов, Еслям Нұртазин, Бақтияр Байсерік, Арай Рахмет, Гүлбахрам Байбосынова, Бахтияр Қожа, Күлжамал Қазақбаева және тағы басқа танымал актерлер бар.

9 қараша еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға әзір, жаңаша ойлаудың иелері туралы драманы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу