Ұлттық арна «Таңдау» телехикаясын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна «Таңдау» телехикаясын ұсынады

23.10.2015
Ұлттық арна «Таңдау» телехикаясын ұсынады

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы телекөрермендерді осы жылдың қараша айында жаңа отандық өніммен қуантады. Осы жолы телекөрермендердің назарына  32 сериялық «Таңдау» көркем телехикаясы ұсынылады.

Хикаяның басты кейіпкерлері жаңа ғылыми жобаны ашуға ұмтылған төрт дос. Кейіпкерлер арқылы нағыз достықтың үлгісі көрсетіледі. Шетелден келіп түскен көптеген ұсыныстарға қарамастан, олар өз үлестерін туған елдің дамуына қосуды көздейді. Көптеген қиындықтарды бастан өткергеннен кейін, мемлекеттен қолдау алудан үміт үзіп, инвестицияларды жан-жақтан іздей бастайды. Телехикая аяқталар тұста отандық IT компанияның басшылығынан көмек сұраған кезде ғана елімізде өз ісін дамытудың барлық шарттары мен бірдей мүмкіндіктері жасалғанын біледі.

Хикая режиссері Айдын Сахаманов («Қара шаңырақ, «Тағдыр», «Вопреки всему», «Подружки» және т.б. телехикаялардың режиссері), сценарий авторы – Ляззат Түлкібаева. Картинаға: Әбілмансұр Серіков, Әшім Ахметов, Еслям Нұртазин, Бақтияр Байсерік, Арай Рахмет, Гүлбахрам Байбосынова, Бахтияр Қожа, Күлжамал Қазақбаева және тағы басқа танымал актерлер қатысады.

Осы жылдың қараша айында еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға әзір, жаңаша ойлаудың иелері туралы драманы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу