Шолпан Елгезекова: Мектеп директорының рөлін сомдау  қиын болған жоқ  (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шолпан Елгезекова: Мектеп директорының рөлін сомдау  қиын болған жоқ  (ВИДЕО)

27.04.2017

«Анашым, мені қалдырма...»  телесериалында мектеп директорының рөлін сомдаған  актриса Шолпан Елгезекова «Әйел бақыты» бағдарламасында қонақта болып, бүгінгі қоғамда телехикаяда көрсетілген оқиға шынымен барын жеткізді.

Шолпан Елгезекова бағдарламада алдымен телехикая продюсері Әлия Уәлжановаға осындай рөлді сеніп бергені үшін алғысын жеткізді.

«Бұл сериалға түспес бұрын «Айман-Шолпан» телехикаясында 4 ай  психологиялық рөлді ойнағам. Содан 1 айдан кейін осы рөлге келіп түстім. Кәсіби әртіс болғаннан кейін рөлді сомдау қиын болған жоқ.  Ең алдымен рөлге сену керек.  Ол рөлді өзімнен өткіздім, стресстер де  болды», - дейді актриса.

Айта кеткен жөн, туынды көрерменге 22 сәуірден бастап Ұлттық арна арқылы жол тартты. Осы уақытқа дейін киносүйер қауым 8 сериясын тамашалап үлгерді. Алда 8 бөлім бар.

Телехикая сенбі-жексенбі күндері 15:10-да көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу