Джеймс Франко «11/22/63» телехикаясында басты рөлді сомдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джеймс Франко «11/22/63» телехикаясында басты рөлді сомдайды

14.02.2015
Джеймс Франко «11/22/63» телехикаясында басты рөлді сомдайды

«Оскар» жүлдесінің иегері, Голливуд актері Джеймс Франко Hulu сервисінің телехикаясында басты рөлді сомдайды. Жазушы Стивен Кингтің «11/22/63» романының желісі бойынша түсірілетін телехикаяның қашан шығатыны әзірге белгісіз, деп хабарлайды The Hollywood Reporter.

Айта кетейік, «11/22/63» ғылыми-фантастикалық романы 2011 жылы жарыққа шыққан. Джеймс Франко туындыда уақыт кеңістігінің жиһанкезі Джейк Эппингтің рөлін сомдамақ. Ол арнайы портал арқылы уақыт кеңістігіне саяхат жасап, АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннедидің өлімінің алдын алмақ болады. Алайда, Дж.Эппинг түрлі қиындыққа тап болады. Оның жоспарына Ли Харви Освальд кедергі келтіреді.

Еске сала кетейік, Джеймс Франко сомдаған журналист Майкл Финкель туралы «Шын оқиға» («True Story») кинокартинасы 2015 жылдың  10 сәуірінде прокатқа шығады. 

Хабарламаларға жазылу